Петропавлда танымал көп балалы отбасында он сегізінші бала дүниеге келді
Петропавлдың ең танымал отбасында он сегізінші бала дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Култышевтер отбасы екінші жыл қатарынан шілде айында бір жанмен толықты. Былтыр отбасында он жетінші, ал биыл он сегізінші бала дүниеге келді.
Жаңа туған қыз 4 келі 100 грамм салмағында дүниеге келді. Анасы мен сәби перзентханадан шығып үлгерді.
Енді бұл отбасында сегіз қыз, он ұл бала бар. Атап өтерлік жайт, Култышевтердің тұңғыш қызы Инна да жуырда ана атанды. Яғни, 18 баланың ата-анасы болумен қатар Култышевтер енді ата-әже атанды.
Павел мен Татьяна 2000 жылы отбасын құрған. 22 жастағы жігіт пен 19 жастағы бойжеткен шіркеуде танысыпты. Отау құрған кезде көп балалы боламыз деп жоспарламаған.
Ерлі-зайыптылар 22 жылда он сегіз баланы дүниеге әкелген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар