Петропавлда су құбыры жарылып, тұрғындар сусыз қалды
Петропавлда су құбыры жарылып, бүтін бір көше тұрғындары сусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Су жүйесінің шүмегі істен шығып, су сыртқа төгілген. Салдарынан ондаған тұрғын үй тіршілік нәрінен қағылды. Ал көшеге жайылған су лезде қатып, көлік жүргізушілеріне ыңғайсыздық туғызған.
“Апат таңғы төртте болды. Біз шүмекті ауыстырып, суды қайта жібердік. Жұрт екі сағат сусыз отырды. Бізден кейін коммуналдық кәсіпорындар көшені жинастырып, жолды қалпына келтірді”, – деді “Қызылжар су” ЖШС бас инженері Ербол Нәбиев.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан