Петропавлда өрт кезінде анасы егіз балаларымен қаза тапты
Петропавлда жеке үйде өрт шығып, салдарынан анасы егіз балаларымен қаза тапты.
“СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары” басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Николай Белоусов айтты, деп хабарлайды ru.sputniknews.kz хабарлады.
“Жеке үйден өрт шыққаны туралы хабар келген, үйде балалар бар екен, ешкім де оларды алып шыға алмапты. Диспетчерлер оқиға орнына екі өрт сөндіру жасағын аттандыруға шешім қабылдады”, — деп мәлімет берді Белоусов.
Өртке оранып, қалың түтін басқан үйде 20 минут бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, 1977 жылы туған әйел адам мен 2013 жылы туған екі баласы – ер бала мен қыз бала табылды.
“Жедел жәрдем үшеуінің де көз жұмғанын хабарлады. Неден қаза болғаны сараптама барысында анықталады, бірақ бтінге тұншығып қалған сыңайлы”, — деп мәлімет берді ТЖД өкілі.
Өрт 1 сағат 23 минутта сөндіріліп, 25 шаршы метрді қамтыған. Бастапқы себебі – электр желісінің қысқа тұйықталуы.
Тағы оқыңыз:
Жапон қызына үйленген қазақ жігіті: Әйелім туыстарымнан қарыз сұратпайды
Түркияда жарына опасыздық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартпақ
Күдікті хаттың кесірінен 11 әскери адам зардап шекті
Дәрігерлер әйелдің құлағына кіріп кеткен өрмекшіні тірідей алып шықты (видео)