Петропавлда мектепке балтамен келіп, оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты сот үкім шығарды
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот жасөспірімді ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу) бойынша 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын кәмелетке толмағандарды қамауда ұстау үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
- Ұры деп ойлаған: Түркістан облысында ауылдасының басы мен қолын шауып тастаған ер адамға үкім шықты
- Неке сақиналарын алу үшін саусақтарын шауып тастаған: Қостанай облысында зейнеткерді аяусыз өлтіргендерге үкім шықты
Жәбірленушілердің пайдасына моральдық шығын өндірілген.
Еске салайық, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған еді. Оқиға қаладағы №4 мектепте таңғы 07:50 шамасында болған.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
