Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда ер адам жарылғыш зат туралы жалған хабар бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавл тұрғыны жарылғыш зат туралы жалған хабар бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

телефон

Ақпанның 14-і күні "102" арнасына мас ер адам Заводская көшесінің төменгі жағындағы үйдің кіреберісінде жарылғыш зат орнатылғанын хабарлады.  Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері, жарылғыш заттар бойынша сарапшылар және басқа да төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері аттанды.  Ер адам көрсетілген үйдің маңында ұсталды.  Жеке тексеру кезінде жарылғыш заттар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Терроризм актісі туралы  жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  8 маусымда Петропавл қалалық соты ер адамға бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

"Ер адамның заңсыз әрекеті қала тұрғындарының тыныштығын бұзуға әкеп соқтырды. Мұндай оқиғалар жиі нысандардың жұмысын тоқтатып, иелеріне материалдық шығын келтіреді, ғимараттарды тексеру үшін эвакуацияланатын адамдарды алаңдатады. Естеріңізге сала кетейік. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша "телефондық терроризм" 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде ірі көлемде айыппұл салумен жазаланады", - деді СҚО экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев

Талқылау