Петропавлда әйелін өлтіріп, денесін орманға апарып жасырған ер адам 10 жарым жылға сотталды
Петропавлда әйелін пышақтап өлтіріп, денесін орманға апарып жасырған ер адамға сот үкімі шықты. Ол он жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ал ауыр қылмыстың ізін жасыруға көмектескен оның немере інісі бір жарым жылға сотталды.
Оқиға өткен жылы 13 шілде күні Петропавлда болған. Ер адам әйелімен жанжалдасып, оны үй маңындағы орманға апарған. Сол жерде ас үй пышағын әйеліне бірнеше рет сұғып, кейін денені жасыру үшін көмекке немере інісін шақырған. Күрек ала келуін өтінген. Кейін екеуі денені жыраға тастап, үстін топырақ, жапырақпен жауып кеткен.
Олар кінәні толық мойындады, олардың қылмысы сараптама қорытындысымен, айғақ заттармен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.
Қылмыстық іс бүгін СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған