Петропавлда 18 жастағы жігіт ішіне доп тиіп, көз жұмды
Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жазатайым оқиға 16 қазанда Жабаев көшесіндегі Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болған. 18 жастағы жігіт футболдан жаттығу кезінде жарақат алды. Доп эпигастрийдің (іштің жоғарғы бөлігі) аймағына тиген. Футболшы құлап, басының артқы жағынан соққы алған
Жедел жәрдем станциясына шақыру 18:36-да келіп түсті, ал 18:40-та дәрігерлер оқиға орнында болды. Олар жүректің тоқтап қалуы, мидың жабық жарақаты диагнозын қойды. Бір жарым сағаттан кейін жігіт көз жұмған.
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды