Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті
Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болат Жұмабеков әкім қызметінде болған үш жылда тұрғындармен бірге "талай сынақтан" өткенін жазды.
“Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. "Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті", – деді ол.
Болат Жұмабеков әріптестеріне, кәсіпкерлерге, депутаттарға және Қоғамдық кеңес мүшелеріне, барлық белсенділерге жеке алғысын жеткізді.
"16 жасымда күштеп ұзатты": Зікірші Исматулланың қарындасы балалық шағындағы қорлықты айтты
Күйеуінен таяқ жеп, түрлі қорлық көрген
Шетелде үйсіздерге ай сайын 850 мың теңгеге дейін төленеді: Қазақстанда баспанасыздарға қандай көмек бар
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі