Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл әуежайына Лондоннан қазақстандықтар мінген ұшақ келеді

Лондоннан Қазақстан азаматтары мінген ұшақ Петропавл халықаралық әуежайына келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

Белгілі болғандай, ұшақ 14 сәуірде әуежайға қонады. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сендірді.

Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік пен COVID-19 таралуын болдырмаудың барлық шаралары сақталады. 

"Бекітілген алгоритмге сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен азаматтарды қабылдау бойынша барлық іс-әрекеттер үйлестірілген, барлық қажетті күштер мен құралдар бар. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес азаматтар COVID-19 зертханалық зерттеу жүргізу үшін екі тәулікке оқшауланады. Одан әрі, нәтижелер алғаннан кейін үй карантиніне орналастыру үшін өз өңірлеріне ұйымдасқан түрде жіберілетін болады. Рейсті қабылдау және отырғызу республикалық штабпен келісілген. Барлық қосымша шаралар туралы хабарланады", - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында. 

 "Air Astana" әуекомпаниясы репатриациялық рейсті Airbus A321 Neo ұшағы арқылы жүзеге асыратыны белгілі. Лондоннан келетін адам саны хабарланбады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр