AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл әкімі қала атауын өзгерту туралы петицияға пікір білдірді 

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков қала атауын өзгерту туралы петицияға қатысты пікір білдірді. Петиция egov.press сайтында пайда болған. Авторы Ерсұлтан Нұрғалиевтің сөзінше, қала атауын өзгертуді Қазақстан халқы талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

болат

Қала тұрғындары Петропавл атауын Қызылжарға өзгерту туралы петицияны қызу талқылауда. Бұл тақырып әлеуметтік желіде де қызу талқыға түскен. 

Қала әкімі Болат Жұмабеков өз парақшасында жазба жариялап, бұл жағдай туралы пікір білдірді. Сөзінше, петицияны мемлекеттік емес сайтта жеке тұлға жариялаған. Әрі бастамаға мемлекеттік органдардың еш қатысы жоқ.

"Құрметті қала тұрғындары. Мен қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы онлайн-петицияның жақтастары мен қарсыластарының пікірталастары жүріп жатқанын байқадым. Қала әкімдігінің күн тәртібінде қайта атау туралы мәселе көтерілмегенін ресми түрде мәлімдегім келеді", - деп жазды қала әкімі. 

Сонымен қатар Болат Жұмабековтың айтуынша, мұндай сұрақ көтерілген жағдайда ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып жүргізіледі. 

"Сондықтан мен азаматтарды өзара құрмет көрсетуге шақырамын және әлеуметтік желілерде пікір қалдыру кезіндегі жауапкершілік туралы еске салғым келеді.

"Жаңа Қазақстанда біз әрдайым "әр түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт" қағидатын ұстануымыз қажет", - деп айтқан болатын Еліміздің Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. 

Біздің қаламыздың тұрғындары Президентпен бірдей пікірді ұстанып және біз бір-бірімізге қатысты жоғары мәдениет танытатынымызға сенімдімін", - деп қосты Болат Жұмабеков. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр