AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Перзент керек емес": 10 жастағы қызды ата-анасы сексуалды құлдыққа сатып жіберген

10 жасар қызын ата-анасы сатып жіберген. Бауыр еті баласын жыныстық құлдыққа берген. Қыз ол жерден 9 жылдан кейін әрең дегенде қашып шыққан көрінеді. Бірақ одан кейінгі тағдыры да оңай болмапты. Қазір ол Шымкенттегі арнайы орталықты паналап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

сатып жіберген

Нигора Өзбекстанда туған. Оны небәрі он жасында ата-анасы бейтаныс адамдарға бір шабадан ақшаға сата салыпты.   

"Перзент керек жоқ, ақша керек деді. Әкем нашақор еді, мамам ішеді. "Әке" деп жылап едім, бұрылып қарамады да.  Атам мені сатады деген сөзді естігеннен кейін жүрегі ұстап, қайтыс болды. Жалғыз жанашырым сол кісі еді. Одан бері туыстарым да іздеген емес", – дейді Нигора.

Сұрауы жоқ кішкентай қызды сатып алғандар алғашында Сарыағашқа, одан бері Шымкентке қарай әкелген көрінеді. Айтуынша, туғалы ата-анасынан  еш жылулық көрмеген. Сексуалдық құлдықта бақандай тоғыз жыл өмірі өтіпті. Ол жерде өзінен басқа жиырма шақты қыз болды дейді. Оларды қараңғы үйден аттап бастырмаған, ұрып-соғады екен.  Жүрек жалғауға тек қара нан мен су берген.     

"Аштықтан талай қыз өліп қалды сол жерде. Кейбірін шетелге сатып жіберді. Бізді бір-бірімізбен араластырмайтын. Жыныстық қатынасқа түсуден бас тартсақ, темірмен, шыншырмен ұрып, басыма тапанша тақайтын. Қараңғы қапастағы тіршіліктен жанашыр бір азамат шығуға көмектесті", – деп қосты Нигора.

Басқа барар жері жоқ болмағандықтан, Нигора екі айдан бері дағдарыс орталығын паналап отыр.  Қолында сәбиі бар. Сөзінше, ұлының әкесі аяғы ауыр екенін білген соң тастап кеткен.  Бір бәледен құтылдым дегенде, екіншісіне тап болған көрінеді.  

Жағдайыңды жасаймын дегенге сеніп, екінші рет те құлдыққа түсіп қала жаздағанын айтады.  Біреулер оны малға жегіпті.  Ол жерден еріктілердің арқасында  құтылған. 

"Баяғы арманы бар-ау деймін. Балалық кезі сексуалдық қатынаста, зорлықта болғаннан кейін өмірде көп нәрсені жоғалтқан. Сол жоғалтқан қасиеттерін қайтадан осы анаға бергіміз келеді. Өйткені ол арманын айта бермейді", – дейді "Көмек" орталығының директоры Малика Жүсіпова.

Нигора жасы отызға таяғанда алғаш рет қолына қалам алып, әріп танып жатыр. Оның ата-анасы, туысқандары іздестірілуде. Бірақ ол өзін ақшаға сатып жіберген ет жақындарын көргісі келмейді екен. Қазақстанда ұлыммен бірге жақсы өмір сүрсем дейді.  Айта кетейік, бұл орталықта Нигора секілді жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған тағы бес қыз бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр