Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пекинде коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізілді

Пекинде коронавирустың таралуына байланысты жаңа шектеулер енгізілді: енді тұрғындарға қала сыртына таксимен және жолдың бойынан көлік тоқтатып шығуға болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Пекин

Бұдан басқа, қала үкіметі жоғары қауіпті аймақтарда тұрған немесе жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды қатаң бақылау туралы талапты жариялады. Індеттің одан әрі таралуын болдырмау үшін мұндай адамдар Пекиннен кетпеуі тиіс. Егер олар қаладан шығып кетсе, онда жергілікті билікті дереу хабардар етуі керек.

Сондай-ақ, Пекинде қоғамдық көліктерде, соның ішінде метрода эпидемияға қарсы қатаң шаралардың орындалуы күшейтілгені белгілі. Көлік құралдарының жүктемесін бақылау керек, үнемі дезинфекция жүргізіп, барлық жолаушылар қорғаныс бетперделерін кию керек.

Еске салайық, 13 маусымда "Синьфади" базары шетелден әкелінген лососьді бөлуге арналған тақтадан коронавирусты тапқаннан кейін уақытша жабылды. Фэнтай ауданында әскери жағдай режимі енгізілді, қоғамдық денсаулық сақтау саласында ТЖ-ға әрекет ету деңгейі қайтадан II деңгейге дейін көтерілді.

Кейінірек Пекин билігі қаладағы коронавирустың жаңа өршуінің қаупі өте жоғары екенін мәлімдеді.

Талқылау