Айгүл Орынбек: Бала құқығын қорғау маңызды, бұл мәселені президент дер кезінде көтерді

Ұлттық кеңестің отырысында құқық қорғаушы Айгүл Орынбек бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын білдірді. Халықты толғандырып жүрген проблемалардың шешілуі туралы Stan.kz тілшісі қоғам белсендісінің өзінен сұрап көрген болатын. 

Айгүл Орынбек әкімдіктерді халықпен байланыстыру үшін ұлттық кеңес мүшелері де белсенді түрде жұмыс жасау керек екенін айтты. Сонымен қатар, жергілікті кеңеске ұлттық кеңес мүшелерінің қатысуына рұқсат сұрады.

"Зорлық-зомбылықтың алдын алып жатырмыз, қауіпсіз қала жүйесін қалыптастырдық деп әкімдіктер тәртіптік кеңестер ұйымдастырып жатады. Елдің өзекті мәселелерін біз сияқты қоғам белсенділерінсіз талқылайды. Олардың барлығы жабық түрде өтеді. Барынша ашық болу үшін әкімдіктер халықпен тығыз жұмыс жасап, қоғам белсенділеріне де мәселелерді шешуге мүмкіндік берсе", - дейді ол. 

Оған қоса, қорғаушы жергілікті жиналысқа ұлттық кеңес мүшелерінің қатысуы халық үшін қаншалықты тиімді екенін түсіндіріп берді.

"Мен жаңа өзімнің ұсынысымды айттым. Жергілікті қоғамдық кеңеске ұлттық кеңес мүшелерін қосу керек. Себебі Ұлттық кеңес мүшелері - тәуелсіз адамдар, қоғам белсенділері. Олар халықтың проблемасын біледі, айта алады. Сол себепті ұлттық кеңестің мүшелерін қосып, өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныс айтуға мүмкіндік берілуі керек. Халықпен байланыс орнату үшін өте қолайл болады деп ойлаймын", - дейді ол. 

Алаяқтарға алданған халықтың жағдайына қатысты мәселе көтерген ол алдағы уақытта үкіметпен бірлескен жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

"Мен әлеуметтік мәселелерді қарастыратын топта болғаннан кейін, біздің топ мүшелері біраз әлеуметтік мәселені көтерді. Оның ішінде несие, тұрғын үй, көпбалалы аналардың мәселелерін айттық. Мен алаяқтарға алданып жатқан халық үшін әділдік сұраймын. Алдағы уақытта топ мүшелері мен үкімет мүшелері бірлесіп шешім қабылдайтын болады", - дейді Айгүл Орынбек.

Айгүл Орынбек бала құқығын қорғау үшін жасалып жатқан балалардың әл-ауқат индексіне қатысты да пікір білдірді. Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдайтынын жеткізген қоғам белсендісі шара балалардың психологиялық тұрғыдан дамуына әсер ететінін айтты.

"Балалардың әл-ауқат индексі дер кезінде көтерілген мәселе. Өңірлерде бала құқығының тапталып жатқанын көріп отырмыз. Әйел адам мен ер адам ажырасқан кезде бала құқығы тапталады. Сол себепті, балаға қатысты зорлық-зомбылық кеңінен етек жайып кетті. Бұл мәселені президент дер кезінде көтерді. Әлеуметтік желі дамығаннан кейін, мұндай мәселелер ашық көріне бастағаннан кейін, бала құқығын қорғау маңызды. Алдағы уақытта бұл заңмен бекітілуі керек. Өткені әйелі мен күйеуі ажырасқаннан кейін, бала құқығы тапталып, бала психологиялық тұрғыдан зардап шегіп жатады. Біз соны алдағы уақытта ескеруіміз керек деп ойлаймын",- дейді Айгүл Орынбек.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлтық кеңестің төртінші отырысы өтті. Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тапсырмалар берді. Кеңес ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға байланысты аса күрделі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр