Пайғамбардың карикатурасы үшін мұғалімнің басын шауып тастаған: Францияда адам өліміне қатысы бар деп айыпталған алты жасөспірімнің соты басталды
Францияда 2020 жылы мектеп мұғалімі Сэмюэль Патидің өліміне қатысты алты жасөспірімнің соты басталды. Шешенстандық Абдулак Анзоров Самюэл Пати мектеп оқушыларына сабақ үстінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткені үшін оның басын кесіп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Париж іргесіндегі Конфлан-Сент-Онорин қаласында орын алды. Абдулак Анзоровтың өзі сот отырысына қатыспаған, оны полиция 2020 жылы қылмыс орнында атып кеткен. Ал алты жасөспірім мұғалімнің өліміне себепкер болып, оны қаскйге ұстап берді деп айыпталып отыр. Сэмюэль Пэти мерт болған кезде мектеп оқушылары 13 пен 15 жас аралығында болған. Енді олар екі жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
13 жастағы оқушы әкесі Брахим Чинге Сэмюэл Патидің оны сабақтан қуып жібергеніне шағымданған. Мұғалім барлық мұсылмандардың сыныптан шығуын талап еткен. Осыдан кейін оның әкесі әлеуметтік желілерде Патиді жұмыстан шығаруға талап ететін видео жариялады. Прокурорлардың пайымдауынша, дәл осы видео Абдулла Анзоровтың кісі өлтіруіне, Нормандиядан Конфлан-Сент-Онорин қаласына дейін шамамен 80 шақырым жол жүріп келуіне итермеледі. Ал тергеу қыздың сол күні сабақта тіпті болмағанын анықтады.
Қалған бес күдікті 300 еуроға Патиді табуға көмектескен деген болжам бар. Келесі жылы Францияда осы сенсациялық кісі өлтіруге қатысы бар деп айыпталған Брахим Чинді қоса алғанда, сегіз ересек адамға қатысты екінші сот процесі басталады.