Пайдалы мақсаттарға арналған несие түрлері
Кейде күнделікті тұрмыста түрлі шығындар туындайды, ал оларды жабу үшін арнайы жинақтаған қаражатымыз жеткіліксіз боп жатады. Бұл жағдайда банк тұтынушылық несие беру арқылы көмекке келеді. Несиенің пайдасы мол бола алады деп кім ойлаған? Бүгін біз пайдалы мақсаттарға арналған несиелер туралы және оларды қалай рәсімдеу керектігі жайлы әңгімелейтін боламыз.
Бүгінгі таңда банктер көптеген несие мен қаржыландыру нұсқаларын ұсынады. Негізінен тұрғын үй салуға және сатып алуға арналған несиелер сұранысқа ие. Сондай ақ несиелер әртүрлі тұрмыстық техниканы, демалыс, саяхаттарды, үй жөндеу, ем қызметтерін алуға беріледі. Мұндай несиелер мақсатты деп аталады, аты айтып тұрғандай, бірінші жағдайда сіз шартта көрсетілген нақты қажеттіліктеріңіз үшін қаражат аласыз.
Банк несие шартында қарастырылған мақсатты іске асыруға, мысалы, тұрғын үй, автомобиль сатып алуға, білім алуға, емделуге, демалуға ақша береді. Көбінесе банк бұл несиені қолма-қол ақшамен бермейді, бірақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін сатушы тарапқа бірден аударады. Әдетте мұндай несиені төмен пайыздық мөлшерлемемен және ұзақ мерзімге алуға болады.
Медициалық қызмет, емге арналған несиелер
Қымбат операциялар мен дәрі-дәрмектер, науқасқа қарау және қосымша медициналық қызметтер - мұның бәрі өзімізге, жақындарымызға қажет болуы мүмкін.
Өкінішке қарай, мұндай қажеттілік кенеттен пайда болуы мүмкін және қажетті соманы жинауға уақыт тапшы болады.
Әсіресе емдеу курсынан өту үшін шетелге саяхат жасау қажет болса немесе қарапайым пластикалық хирургия, стоматология қызметтері болса да, несие шұғыл қажет болуы мүмкін.
Банк ВТБ (Қазақстан) медициналық қызмет үшін несие ұсынады. Несие өтініш пен құжаттарды қарау үшін комиссиясыз рәсімделеді. Сондай ақ, несиелеу бағдарламасы төмендегі заттарды алуға мүмкіндік береді:
- жиһаз;
- ірі және ұсақ тұрмыстық техника;
- компьютерлер, жинақтаушы және шығыс материалдары;
- авто бөлшектер, ТЖО қызметтері;
- құрылыс материалдары;
Тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған тұтынушылық несиелер туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.
Білім алуға арналған несие
Білім беру жүйесінде тегін оқу үшін керемет мүмкіндіктердің бар екендігіне қарамастан, студенттердің көпшілігі білім үшін ақы төлеуі мұқтаж боп жатады. Білім беру кредиттері жүйесін енгізу және дамыту талапкерлер үшін білім алуды жеңілдетудің бір тәсілі болып отыр.
Авто несие
Авто несие іс жүзінде тұтынушылық несиелердің бір түрі, алайда ол осы қаржылық операцияға өте тән ерекшеліктерге ие.
Ең маңыздыларға:
- алынған қаражатты тек автомобиль сатып алуға жұмсауды көздейтін несиенің мақсатты сипаты;
- көлік құралын сақтандыру қажеттілігі және клиенттің осындай міндеттемесі тікелей қолданыстағы заңнамада қарастырылған.
Бір қызығы, дағдарыс уақытында да автокөлікке несие алу өзінің өзектілігін жоғалтпайды, сұранысын сақтайды.
Банк ВТБ (Қазақстан) 12 айдан 84 айға дейінгі мерзімге автосалондарда автокөлік сатып алуға несие ұсынады. Мұнда сіз жаңа жеңіл автокөлік немесе жеңілдігі бар темір тұлпар сатып ала аласыз. Несиелеу шарттары туралы толығырақ осы сілтеме бойынша біле аласыз.
Бизнесті дамытуға несиелер
Елдегі бизнесті дамытудың міндетті факторы оны несиелеу үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау болып табылады. Кәсіпті дамыту мен ашуға бағытталған несие түрлері өте көп. Банк ВТБ (Қазақстан) шағын бизнес үшін 6 түрлі несие ұсынады.
Өтінімдер қысқа мерзімде қаралады және құжаттардың ең аз пакеті ғана талап етіледі. Банкте несие берудің басқа артықшылықтары туралы мына жерден оқыңыз.
Саяхатқа арналған несие
Демалыс кезінде кейде жағымды атмосфераны қаржының жетіспеушілігін бұзады. Мұндай проблеманы демалуға арналған несие арқылы алдын алуға болады.
Саяхат кезінде жақсы сергу үшін адамдар көбінесе қазір кең таралған несиені немесе бөліп-бөліп төлеуге болатын туристік жолдаманы пайдаланып жүр.
Тәжірибе көрсеткендей, мақсатты несиелер төмен пайыздық мөлшерлемелерге ие және ұзақ мерзімге берілуі мүмкін. Сондықтан, ұзақ мерзімді перспективада және шынымен қымбат сатып алу кезінде олар адамдар үшін тиімдірек және пайда болуы мүмкін.
Әдетте туристік жолдамаларға несие алу үшін ең аз құжаттар пакеті қажет: төлқұжат, кірістер туралы анықтама, ЖСН.
Келісім-шарт жасау кезінде не нәрсеге назар аудару керек?
- Ең алдымен, несиенің толық құнын анықтап, оны өтеу кестесін сұраңыз — бұл ақпаратты сізге банк қызметкерлері ұсынуы керек.
- Шарттың мәтінімен танысыңыз, екіұшты тұжырымдардың болуына, маңызды шарттардың дұрыс жазылуына — сомасы, өтеу мерзімі және несие бойынша сыйақы мөлшеріне ерекше назар аударыңыз. "Шарттарды банк қайта қарауы мүмкін" деген сынды сөз тіркестерінен сақ болыңыз.
- Келесі маңызды сәт - қосымша төлемдер кейде өтеу кестесінде көрсетілмейді, мысалы: өтінімді қарау үшін, несие беру үшін, несие картасын пайдалану үшін (қолма-қол ақшаны алу кезінде немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде), мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссия алынуы мүмкін.
- Несие берудің жиі кездесетін шарты өмір мен денсаулықты сақтандыру болып табылады, ол да шығындарды талап етеді. Барлық банктерде болмаса да, одан бас тартуға болады.
- Төлемдердің кешіктірілуі де шарттың маңызды тармағы болып табылады, оны ескеру қажет. Әрине, айыппұлдардан аулақ болған дұрыс, бірақ егер жағдайлар басқа жарнаны уақытында жасай алмайтын болса, сіз қандай соманы бөлуге тура келетінін нақты білуіңіз керек.
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы.