Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлықтар Қайрат Нұртастан қымбат тон дәмеленіп жүр

Павлодарлық әйел Қайрат Нұртастың концертіне барамын деп қымбат тонынан айырылғанын айтып налыды.

17077116_422032771468481_1506511318679552_n

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Павлодарлық әйелдің қымбат тоны Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған. Әлгі әйелдің таныстары оны табуға Қайрат Нұртастан көмек сұрады.

49 жастағы Алмагүл Байдельдинова әлеуметтік желі арқылы өзінің қымбат тонын жоғалтқанын айтты. «Концерттен кейін мен гардеробқа бардым. Сол жердегі әйел қолымнан нөмірді алып, бірнеше киім берді. Арасында менің тоныма ұқсайтын бір сырт киім бар. Қолтығына бас киім қыстырылған. Ал менің өзімнің тоным жоқ», – дейді ол.

Аталған жазбаға аз уақыт ішінде мыңдаған пікір жазылған. Желідегілер осы жазба туралы ақпарат Қайрат Нұртасқа жетіп, ол тыңдарманына жаңа тон сыйлады деген үмітте екендіктерін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов желідегілермен әзілдесті (видео)

Бүгін Димаш қытай әнін орындайды

Айгүл Иманбаева: Енді әртіс жігітке тұрмысқа шықпаспын

Есболат Беделхан “Ninety one” тобына бәсекелес топ құрды

Талқылау