Павлодарлық оқушы биылғы ҰБТ-дан алғашқы болып 140 балл жинады
Биылғы ҰБТ тапсырғандар арасында павлодарлық түлек Данияр Уәлиев бірінші болып ең жоғарғы –140 баллды жинады. Әзірге ол мұндай көрсеткішке жеткен жалғыз оқушы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, "Білім-Инновация" қоғамдық қорының қызметкері Нұрбол Төлебаев Facebook парақшасында мәлім етті.
"Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 балл алды. Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген Данияр Арманұлы Уәлиев – Павлодардағы ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің биылғы түлегі. Алтын белгі үміткері. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Бірнеше мәрте ҚР чемпионы. Жалпыресейлік жарыстардың жүлдегері. Nur Sultan Оpen халықаралық жарысының чемпионы" – деп жазды Нұрбол Төлебаев.
Айта кетейік, биыл түлектер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Сөйтіп, ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысады.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті