Павлодарлық әйел үйінде отырып, коронавирус жұқтырып алды
Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болмаған әйел індетке шалдыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сырқаттанған әйел - 1970 жылы туған Павлодар тұрғыны. 10 сәуір күні жедел жәрдем бригадасы жеке қорғану құралдын қолдану арқылы, ЖРВИ белгілері бар әйел адамды уақытша госпитальге жеткізді. COVID-19-ға алынған тест теріс нәтиже көрсетті. Науқасқа өкпе қабынуы диагнозы қойылды. Емдеу хаттамасына сәйкес, өкпе қабынуы бар науқастардан 3-ші тәуліктен кейін қайта анализ алынады. 14 сәуір күні COVID-2019-ға алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті.
Әйел адамның сөзі бойынша, ол ешқайда шықпаған және коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болмаған.
Онымен қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталды, оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жасалуда. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"