Павлодарда жеті шенеунік сыбайлас жемқорлық жасағаны белгілі болды
2022 жылы Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жеті лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, Успен ауданының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы қол астындағыларға табыс туралы декларацияны ұсыну бойынша шаралар қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерге заңсыз қатысқаны үшін Екібастұз қаласы әкімдігінің бюджеттік ұйымдарының бірінің басшысы жазаланды.
Осындай құқық бұзушылық жасаған тағы екі мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Төленген айыппұлдардың жалпы сомасы 1 745 910 теңгені құрады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"