Павлодарда полицей өзіне қол жұмсады
Павлодарда тұрғын үйдің дәлізінде асылып тұрған полицейдің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
5 сәуір күні Павлодар облысының полиция қызметкерінің өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша полиция бөліміне қоңырау келіп түскен.
"Бұл факт тіркелді, Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеі жүргізіледі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаменті.
Полиция басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай таратылмайтынын атап өтті.
Расталмаған мәліметтер бойынша, 37 жастағы азамат подполковник шенінен айырылған, артынша осындай қадамға барған.
Еске салсақ, осыған дейін Атырау облысы Құрманғазы ауылында полиция қызметкері асылып қалғаны туралы жазған болатынбыз.
Пәтерақысын төлеуге көмек сұраған ақтаулық қызды ер адам зорлады деген күдікке ілінді
Заңгердің сөзінше, ер адам болған жағдайды видеоға түсірген
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі