Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда полицей әйел қызды бұзақы қуғынынан аман алып қалды

Павлодар қаласының тұрғыны Маржан Ахметова полиция лейтенанты Малика Темірхановаға алғысын айтты. Нәзік жанды полицей 4 маусым күні сағат 08.40 шамасында жұмысқа бара жатқан қыздың артынан қуған бұзақыны еш сескенбестен қолға түсіріп, қызды құтқарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғыны Маржан No12 мектептің жанынан өтіп бара жатқанда жүріс-тұрысы күдікті жігіт оны қуа бастағанын айтады. Кейінірек ер адам оның артынан шабуыл жасамақ болған. Қорқып мектеп ауласына жүгірген кезде жұмыс орнында полиция лейтенанты Малика Темірханова болған.

Көмекке мұқтаж дауысты естіген өте батыл Малика көшеге жүгіріп шыққан.  Оның үстіндегі полиция формасын көрген күдікті қашып кетпек болған. Жақын маңдағы аурухананың қоршауына жеткенде ол үстіне өрмелей бастаған. Бірақ Темірханова оны киімінен ұстап, жерге лақтырып жіберген. Ұрыс техникасын қолдану арқылы бұзақының бір қолын аяқ киімнің өкшесімен бекітіп, ер адамды бұрап ұстаған. Осы сәтте оқиғаның куәгерлері 102-ге хабарлаған. 



Ұсталған азамат уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізіліп, оның мас болғаны анықталды.

Жас жігіт мас күйінде қоғамдық орында өзгеге шабуылдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440 және 449-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір қосымша тексеру жүргізілуде.

Полиция лейтенанты Малика Темірханова ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазір Павлодар қалалық ІІБ Жедел мониторинг орталығының кезекші инспекторы болып жұмыс істейді.

Талқылау