AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісімен жасырын кездесу үшін ауылдағы жарықты өшіріп тастаған электрикті тұрғындар сабап тастады

Үндістанда электрик сүйіктісімен жасырын кездесу үшін ауылда үздіксіз электр жарығын өшіріп тұрған. Ауыл тұрғындары жарықтың өшу себебін анықтау үшін жоспар құрып, жұптардың кездесуінің үстінен түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бихар штатының шығысындағы Ганешпур ауылының тұрғындары бірнеше апта бойы электр қуатының жиі үзіліп жатқанына шағымданған. Күнде күн батқаннан кейін белгілі бір уақытта ауылдағы жарық екі-үш сағатқа сөніп қалады екен. Бұл ретте энергетикалық компаниядан ешқандай техникалық ақаулар туралы хабарлама келмеген. Кейін ауыл тұрғындары электр жарығын біреу әдейі өшіріп жатыр деп күдіктене бастаған.



Бұзақыны ұстау үшін ауыл тұрғындары полицеймен біріккен көрінеді. Ақыры олар мектеп ауласынан екі ғашықтың кездесуінің үстінен түсті. Олардың бірі электрик болып шықты.

Куәгерлердің айтуынша, ауылдастары ғашық болған электрикті соққыға жыққан. Ер адам ауылдастарына сүйіктісін көру үшін электр қуатын өшіргенін мойындады. Ауыл ақсақалдары ақылдаса келе жұптың қарым-қатынасын заңдастыруға рұқсат берді.

Полицейлер электриктің үстінен ешқандай шағым түспегенін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр