Павлодарда өртеніп кеткен мектептің оқушылары офлайн оқуға оралды
Мектебі өртеніп, онлайн оқып жатқан павлодарлық №28 мектептің оқушылары екіге бөлініп, қайтадан офлайнға оралды. Бастауыш буындағы 557 оқушы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейіне барса, қалған 5-11-сыныптардың 529 оқушысы №35 мектептен оқитын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өткен аптада №28 ЖОББМ оқушылары үшін сабақтар онлайн өткізілді. Тек бүгіннен бастап бастауыш буындағы 557 оқушы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде офлайн режимде оқиды. Қалған 5-11-сыныптардың 529 оқушысы №35 жалпы орта білім беру мектебіне барады. Барлық сабақтар кесте бойынша өткізіледі. Жағдай бақылауға алынған", - деді мектеп директоры Гүлмира Мантықова.
Оның айтуынша, екі мектепте де жаңадан келген балаларға тамақтандыру ұйымдастырылған. Өрт болған мектепте жөндеу жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін №28 мектептің 200 шаршы метр аумағы өртеніп кеткені туралы хабарлаған едік. Мектептен 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"