Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда мектептегі өрттен кейін бір оқушы ауруханаға түсті

Павлодар мектебінде болған өрттен кейін 8-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

өрт

21 сәуір сағат 19.28-де облыстық балалар ауруханасына №28 мектепте оқитын 2007 жылы туған оқушы түскен. Эвакуациядан кейін үйіне барған қыздың басы ауырған. Ата-анасы жедел жәрдем шақырған. 

Қызды облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне "улы газбен улану" диагнозымен жатқызған.



"Қыздың жағдайы тұрақты, ол инфузиялық терапия алады", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

21 сәуір күні таңертең сабақ басталғанда Павлодардағы № 28 мектептен өрт шыққан болатын. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 576 адам эвакуацияланды, оның ішінде 551-і – оқушы. 1975 жылы туған физика пәнінің мұғалімі зардап шекті. "Орташа ауырлықтағы улы газбен улану" диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Талқылау