Павлодарда тағы да мектеп өртенді: 500-ден аса мектеп оқушысы өз бетінше эвакуацияланды
Бүгін таңертең Павлодарда мектеп өртенді. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті ауыздықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Өрт қаладағы Торайғыров көшесі, 24 мекенжайындағы №28 орта мектептің төрт қабатты ғимаратында болды.
Өрт екінші қабатта тұтанып, шатырға таралып, шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 576 адам эвакуацияланды, оның ішінде 551 мектеп оқушысы бар.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 50 қызметкері жұмыс істеуде: 12 техникада, бір көлікте медициналық апат орталығының 4 қызметкері бар.
"Өрт әлі сөндірілмеген. Оның себебі мен қанша шығын келгені анықталуда", – делінген облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, Павлодарда бір апта бұрын ғана №1 орта мектепте өрт болған еді. Салдарынан бес мектеп оқушысы зардап шекті, оның үшеуі ауруханаға жеткізілді.
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"
"Топыраққа көміп, үстіне хлор төккен": Алматы облысында көз жұмған жігіттің жақындары оның өлімінің мән-жайын айтты
Марқұмның қазасы оның жақындары мен достарына ауыр соққы болған