Павлодарда кранның кесірінен жұмысшы екінші қабаттан құлап кетті
Павлодарда жұмысшы салынып жатқан ғимараттың екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 14 шілдеде 9:00-де Луначарск көшесіндегі құрылыс алаңында болған. Кірпіш қалаушы кран арқылы тасымалданған кірпіштерге соғылып, құлап кеткен. Ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасында мәлім еткендей, зардап шеккен жұмысшы 1957 жылы туған. Сүйектері сынып, кеуде қуысының жабық жарақатын алып, оң жақ өкпесін зақымдаған. Сонымен қатар миы шайқалған, жағдайы ауыр.
Ауруханада жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан