Павлодарда көпқабатты үйдің алдынан қалташаға салынған сәбидің денесі табылды
Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінің алдынан бүгін таңертең қалташаға салынған сәбидің денесі табылды.

Сәбидің денесін аула сыпырушы ер адам тауып алған. Қазір оқиға орынында жедел-тергеу тобы мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Үйге жақын маңда тұратын адамдардың барлығынан сұрау алынуда.
Алдын ала дерек бойынша сәби жүктіліктің алты айлығында, дұрыс жетілмей туған. Қазіргі кезде полицейлер жүктілік бойынша есепте тұрған әйелдердің барлығын дерлік тексеру үстінде.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"