Павлодарда кәріз құбырынан шала туған сәбидің денесі табылды
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған шарана табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберісінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың мәйіті табылды”, – делінген хабарламада.
ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда