Сүт фермасындағы алты жұмысшының қазасына байланысты павлодарлық депутат ұсталды
Павлодар облыстық мәслихатының депутаты әрі Aqtogai Milk кәсіпорнының иесі Александр Терентьев алты жұмысшының қаза болуына байланысты ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 20 шілдеде Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы кәсіпорын аумағында болған. Өндірістік жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде алты адам қаза тапты.
Павлодар облысының полиция департаменті депутаттың ұсталғанын растады. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Іс бойынша барлығы үш күдікті ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция әзірге істің басқа мән-жайын жариялаған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде 17 жастағы жұмысшы өндірісте қолынан айырылғаны туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
