Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам пойыздың астына түсіп, аяғынан айырылды

Ер адам пойыздың астына түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында темір жолға шығып алған ер адам жүйткіп келе жатқан пойызды тоқтатпақ болды

Қайғылы оқиға 28 қаңтарда сағат 10:54-те болды. Павлодардағы Успен көпірі ауданында теміржолда ер адамды пойыз басып, соның кесірінен аяғынан айырылды.

“58 жастағы азамат облыстық клиникалық аурухананың жанындағы жақын жердегі стационарға жеткізілді. Оған политравма, аяқ ампутациясы, екінші дәрежелі аралас шок, оң қолдың екі саусағының ішінара ампутациясы диагнозы қойылды”, – деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Шұғыл түрде науқасқа ота жасалды. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Ол анестезиология және реанимация, жансақтау бөлімінде.

Талқылау