Павлодарда ер адам пойыздың астына түсіп, аяғынан айырылды
Ер адам пойыздың астына түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 28 қаңтарда сағат 10:54-те болды. Павлодардағы Успен көпірі ауданында теміржолда ер адамды пойыз басып, соның кесірінен аяғынан айырылды.
“58 жастағы азамат облыстық клиникалық аурухананың жанындағы жақын жердегі стационарға жеткізілді. Оған политравма, аяқ ампутациясы, екінші дәрежелі аралас шок, оң қолдың екі саусағының ішінара ампутациясы диагнозы қойылды”, – деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Шұғыл түрде науқасқа ота жасалды. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Ол анестезиология және реанимация, жансақтау бөлімінде.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған