Павлодарда әкесі 11 жастағы қызымен кездесуге келген педофилді ұстап алды
Павлодарда ер адам 11 жасар қызды кездесуге шақырмақ болған. Ол ойын іске асырмақ пиғылмен өзін 11 жастағы бала етіп көрсеткен. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 жастағы ер адам кішкентай қызға өзінің интимдік фотосуреттерін жіберіп, қыздан дәл солай жауап беруін сұрай бастаған. Жәбірленуші қыздың отбасы бұл оқиғаның көптің назарына іліккенін қалайды.
- "100 мың теңгеге бір түн өткізуді ұсынды": Алматы облысында 19 жастағы жігітке зорланып қала жаздаған зейнеткер оқиға туралы айтты
- Павлодарда ата-аналар жоғары сыныптың оқушысы жеті жасар баланы зорлағанын мәлімдеді
Қыздың анасы олардың хат алмасқанын көріп қояды. Арам пиғылды азаматты анықтау үшін әкесі онымен қызының атынан жазып, сөйлесе бастаған. Ер адам мектептің жанында кездесуге келісіп, ол жерде қыздың әкесі мен достары оны қолға түсірген. Олар азаматты полицияға тапсырды. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан пышақ табылған, ал телефонынан өзін-өзі қанағаттандырумен айналысқан сексуалдық бейнеролик анықталған.
Күдікті 17 қарашада ұсталған. Полиция оның үстінен "Кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықсыз қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
