Павлодарда дәрігерлер сегізінші қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы туралы айтты
Павлодарда дәрігерлер сегізінші қабаттан құлап кеткен 2 жасар баланың жағдайы туралы айтты. Оқиға 6 қыркүйекте болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің сөзінше, жедел жәрдем аталған мекенжайға 4 минутта жеткен.
"Бала ауыр жағдайда түсті, жансақтау бөліміне бірден жатқызылды. Мұнда оған шокқа қарсы дәрі егілді", – деді облыстық балалар ауруханасы директорының медицина бойынша орынбасары Ирина Орсагош.
Баланың бас сүйегі зақымдалып, тамырлары мен ішкі ағзалары жыртылған. Қазір жағдайы ауыр. Жан сақтау бөлімінде өмірін сақтап қалу үшін барлық шаралар қабылданып жатыр.
Айта кетейік, Павлодарда кішкентай бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"