Павлодарда әйел бұрынғы күйеуі көлігімен қағып кеткеннен кейін аяғын кесіп тастады
41 жастағы әйел бұрынғы күйеуі көлігімен қағып кеткеннен кейін аяғынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан кадр
"Виолеттаның кенже қызының әкесі алты жылдық қарым-қатынастан кейінгі ажырасуды қабылдай алмай, агрессияға бой алдырған. Көп ұрыс-керістен кейін Виолетта күйеуінен кетемін деп шешім қабылдаған. Бірақ ер адам әйелін жібергісі келмеген", – деп хабарлады зардап шеккен әйелдің достары.
Оқиға болған күні ер адам оған қоңырау шалып, жұмысқа апарып тастауды ұсынған. Виолетта бас тартқанымен, ол бәрібір көндірген. Жолда тағы да ұрыс басталған. Межелі жерге жеткенде ер адам оны көліктен шығармай қойған. Виолетта әрең дегенде көліктен шығып, павильонға қарай жүгірген, бірақ ішке кіріп үлгермеген.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам көлігімен оны павильонға қысып қалған. Виолетта құлап түскен, оқиға орнындағы адамдар жедел жәрдем шақырған. Әйел ауыр жарақаттар алып, бірнеше күрделі операцияны басынан өткерді. Бір аяғын кесіп тастауға тура келді. Ал екіншісін аман алып қалу үшін күрес әлі жалғасып жатыр. Қазір ол ауруханада және қымбат ем, оңалту, сондай-ақ протез қажет.
Туыстары мен достары Виолеттаға көмектесу үшін қаражат жинау туралы хабарлама жариялады. Ол 14 және 2 жастағы екі қызын тәрбиелеп отыр.
Еске салайық, бұған дейін ер адам үйлену тойынан 2 ай өткен соң әйелін электрлі арамен өлтіргенін жаздық. Үйлену тойынан кейін ерлі-зайыпты қаржылық қиындықтарға тап болып, жиі ұрыса бастаған. Сондай жанжалдардың бірінде Халит Жан әйеліне электрлі арамен шабуыл жасаған. Ол ара қолдануына жары Севжанның пышақпен қорқытқаны себеп болды дейді. Ер адам әйелінің мойын тұсынан ұрған. Онымен қоймай, әйелін өлімші етіп сабаған. Айғайлаған дауысты естіген көршілер полиция шақырған. Әйелдің денесі Анталия медициналық орталығының мәйітханасына жеткізілді. Севжанның анасы Хавва Юнай қызы жатқан ауруханаға барып, “енді қалай өмір сүремін, баламды өлтіріп тастады” деп жылап жіберген.