Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық жігіт тойға несие алғызып, қалыңдығын тастап кеткен

Екібастұзда жас жігіт әлеуметтік желі арқылы танысқан қыздарды тонап келген. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция 24 жастығы Қоянды ауылының тұрғыны Қағбатолла Салықты ұрлық және алаяқтық бойынша күдікті деп таныды. Қазіргі уақытта жігіт іздестіріліп жатыр.

“Ол бір қызға сезімін білдіріп, үйлену тойына банктен 200 мың теңге кредит алуға көндірген. Кейін жігіт ақшаны алып, жоғалып кетті.

Тағы бір алаяқтықтың құрбаны болған қызбен жігіт 2017 жыл желтоқсанның соңынан бастап әлеуметтік желіде сөйлесе бастаған. Жігіт қыздың тұратын жерін біліп алып, оның үйіне барған. Ол қызға өмірінің қайғылы оқиғаларын және анасымен болған жағдайды айтып берген. Сосын, қолайлы сәтті күтіп, қыздың ақшасын, бағалы заттарын ұрлап, хабарсыз кеткен”, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары басқа да қыздар дәл осы алаяқтың құрбаны болуы мүмкін екенін айтты.
Полиция егер күдікті туралы қандай да бір ақпарат білетін адам болса мына Екібастұз ІІБ нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 102, 8 (7187) 75-06-06 немесе whatsapp +77077004056.

Тағы оқыңыз:

Павлодарда уақытында медициналық көмек алмаған зейнеткер ауруханада қайтыс болды

Елімізде анонимді пікір жазуға тыйым салатын заң күшіне енді

Ақтөбеде хиджаб киген оқушылардың ата-анасы Сапарбаевты іздеп әкімдікте шу шығарды

Оралда мешітке келушілердің ақшасын жымқырумен айналысқан ұры ұсталды

Талқылау