Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімге баспананың орнына жетімдерге арналған 6 пәтер: Павлодардағы дау немен аяқталды

Таяуда Павлодар әкімдігі бюджет қаржысына құны 49,9 миллион теңгені құрайтын коттедж сатып алып, мемлекеттік қызметкерлерге жалға бермек болған еді. Алайда мұншама қаржыға сатып алынған үй көпшіліктің наразылығын тудырды. Бүгінде белгілі болғандай, үй мемлекеттік қызметкерлерге берілмейтін болып шешілді.

Павлодарда 49 миллион теңгеге сатып алынған үй мемлекеттік қызметкерлерге берілмейтін болды

Сурет: Tengrinews.kz

Бұл туралы «Павлодар-онлайн» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аумағы 200 шаршы метрден асатын үйдегі пәтерлер ешкімге бөлінбеген. Әкімдіктегілердің сөзінше, қаралымға ешқандай өтініш түспеген. Ал Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев бұл пәтерде тұрмайтын көрінеді. Сондай-ақ, ол баспана алу үшін өтініш бермепті.

«Бұл мәселе әлеуметтік желіде көпшіліктің қызу талқысына түскенін ескере отырып, бүгін нүктесін қойғымыз келеді. Пәтерді жалпы аумағы 248,2 шаршы метрді құрайтын 6 жаңа пәтерге ауыстырдық. Бұл 2 екі бөлмелі және 4 бір бөлмелі пәтерлер. Олар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне берілетін болады», – дейді әкімдіктегілер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар әкімдігінің 50 миллион теңгеге коттедж сатып алғанын хабарлаған едік. Артынша әкімдіктегілер коттеджді не үшін сатып алғандарын түсіндірді. Құны шамамен 50 миллион теңге болатын үйге бюджеттің ақшасы қызметтік қажеттілікке байланысты жұмсалған. Айтуыларынша, басқа өңірлерден келген мемлекеттердің тұратын баспанасы жоқ. Кезекте әлі 15 шенеунік тұр. Ал қалада бос пәтер жоқ көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау