Павлодарда 15 жастағы жасөспірім 14-қабаттан құлап кетті
Павлодарда Назарбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 14-қабатынан 15 жастағы оқушы құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 25 қыркүйекте болған. Жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"Аталған дерек бойынша тиісті тергеу шаралары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – делінген Павлодар облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Қайғылы оқиға болған көпқабатты үй – Павлодардағы 16 қабатты үш үйдің бірі. Мұнда жыл сайын адамдар биіктен құлап, мерт болады. Тұрғындардың сөзінше, 2021 жылдың қазанында Чокин көшесіндегі көрші тұрған 16 қабатты үйден 17 жастағы жасөспірім құлаған. Ал Назарбаев көшесіндегі үшінші үйден ер адам секіріп кеткен.
Айта кетейік, бұған дейін Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кеткен еді. Ол өзіне қол салмас бұрын хат жазып қалдырған.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек