Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 12 жасар қыз ана атанды: Баланың әкесі психиатриялық ауруханада жатыр

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Нәсімжан Оспанова 12 жастағы жас ананың мектепте оқуын жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

“Қыз оқуын жалғастырады. Оған психологиялық және педагогикалық көмек көрсетіледі. Балалардың білім алу құқығы Конституциямен қорғалады”, – деді Нәсімжан Оспанова.

Оның айтуынша, мұндай жағдай Павлодар облысында жиі кездеседі. Сондай-ақ баланың әкесінің қайда және қандай жағдайда екені белгілі болды.

“Бұл – өте қорқынышты және алаңдатарлық жағдай. Қыздың жағдайын байқаған мектеп мұғалімдері, психологиялық және медициналық қызметкерлермен бірге жұмыс істей отырып дереу әрекетке көшкен. Қылмыстық іс қозғалды. Қыз бен оның жақын туысының арасындағы жағдай үйде болған. Күдікті де кәмелет жасқа толмаған. Зорлау әрекеті 2023 жылдың қазан айында болған. Күдікті қазір психиатриялық ауруханада жатыр. Оған қатысты белгілі бір сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл іс Балалар құқығын қорғау комитетінің бақылауында”, – деді Нәсімжан Оспанова.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде ауыл мектебінде оқитын 12 жастағы қыз босанғанын жаздық. Өңірдің білім беру басқармасы жағдайды растады. Мектеп оқушысын жақын туысы зорлаған. Жасөспірімнің кесар тілігі арқылы босанғаны белгілі болды.

Талқылау