Павлодарда 1-сынып оқушысы марганцовка ішіп уланып қалған
Павлодардағы мектептердің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы уланып қалған. Ол өз бетінше шкафты ашып, ол жерден калий перманганаты (марганцовка) бөтелкесін тауып алып, аузына құйып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға наурыз айында болған. Оқушы лезде ауруханаға жеткізілді.
“Полиция оқиғадан бірнеше күн бұрын осы сыныптың мұғалімі басқа оқушының аяғы мен қолындағы жараны емдеу үшін мектептің медицина қызметкерінен калий перманганатын алғанын анықтады. Таңертең медбикеге бермек препаратты бермек болған ол калий перманганатының бөтелкесін асығыс үстелдегі шкафқа қоя салған”, – дейді Павлодар облысының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"