Павлодарда үш балалы ана қақаған қыста екі айдан бері жертөледе тұрып жатыр
Павлодар тұрғыны Марина Юткина үш баласымен бірге жертөлені паналап отыр.
Марина Ресей азаматтығын алып, үй сатып алып қойған. Алайда көші-қон заңнамасы өзгеріп, оны Ресейден жер аударып жіберген.
Үлкен ұлы жертөлеге келген соң жүйке жүйесі бұзылып, емханаға түскен. Қызы бала күнінен мүгедек. Екінші ұлы корректорлы мектепте оқиды.
«Басында пәтер жалдап тұрдық. Кейіннен оған шама жетпеді. Сосын осында көшіп келдік», – дейді Марина Юткина.
Жертөлеге келгені жанына батқандықтан тұңғыш ұлының жүйке жүйесі бұзылған. 20 жастағы жігіт ақырында емханаға түсіпті.
Маринаның өзі 25 теңге үшін дала сыпырып жүр. Екі жыл бұрын жатақханадағы бөлмесін сатып, Ресейе көшкен. Ауылдан үй алып, мал ұстаған. Алайда құжатының мерзімі өткендіктен оларды Қазақстанға жер аударып жіберіпті.
Амалы таусылған ана еріктілерден көмек сұрайды. Еріктілер Маринаның жағдайын айтып, көпшіліктен жәрдем беруді өтінді.
Маринаның қазір тек төлқұжаты ғана бар. 45 жастағы әйел ата-ана құқығынан айыра ма деп те қорқады. Алайда әкімдіктегілер балаларды тартып алмайтынын айтты.
«Бұл жайлы алаңдамаса да болады. Қандай жағдай болсасын мұны комиссия шешеді. Анасы балаларын асырамақ ниетте. Ондай жағдайда ешкім ата-ана құқығынан айыра алмайды», – дейді қаладағы жұмыспен қамту жәні әлеуметтік бағдарламар бөлімінің жетекшісі Рымкеш Сағынова.
Шенеуніктер жалғызбасты ананың құжаттарын рәсімдеп беруге уәде берді. Ал тұрғындар еріктілер арқылы бұл отбасыға азық-түлік пен киімдер беріп жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбеде қара киіммен тұмшаланған әйелдер мектеп алдында намаз оқып жұртты шошытты (фото)
Танымал қазақ миллионері тергеушілер жауапқа ала бастағандықтан шетелге көшкенін айтып берді
Жоғалған бала табылды: Астанада боранда қалған оқушыны қар тазалаушы аман алып қалған