Павлодар тұрғыны танысудан бас тартқаны үшін қыздарға тас лақтырып, күш көрсеткен
Павлодарда тұрғын қыздарға физикалық қысым көрсетіп, таныспақ болған. Бойжеткендер бас тартқан кезде жігіт оларға тас лақтырып, арттарынан қуған. Бұзақлық іс бойынша қазір қылмыскер іздестірілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккендердің айтуынша жігіт алдымен физикалық қысым көрсеткен, кейін қыздар оның әрекетін телефонға түсіре бастағанда ол агрессия танытып, тас лақтыра бастаған. Қыздар бұрыш спрейімен қорғануға тырысқанымен бұзақы олардың артынан қуа бастаған. Қазір полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр.
“Бұл факт тіркелді. Ер адамның кім екені анықталды. Қазіргі уақытта оны қамауға алып, жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде”,- деді Павлодар қаласы Солтүстік полиция департаменті басшысының орынбасары Ренат Шәріпов.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр