Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысының әкімдігі Болат Бақауовқа қатысты түсініктеме берді

Облыстық әкімдікте Болат Бақауовқа қатысты жағдай бойынша түсініктеме берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұсталған әкім туралы

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет өңір басшылығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Бұқаралық ақпарат өкілдеріне ақпарат бүгін таңертең берілді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысының хабарлауынша қазіргі кезде Павлодар облысының әкімдігі штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.

"Облыс басшылығы өзінің жұмыс орнында. Тек қана, аймақ басшысы әкімі қазір әкімдік ғимаратында жоқ, ол қала ішінде жұмыспен жүр", -  - деді Ернар Сейтахмет.

Ал бүгін аймақ басшысы индустриалды-инновациялық даму және кәсіпкерлік және сауда департаменттерінің алқа отырысына қатысты.

«Өкінішке қарай, былтыр инвестициялық жобалардың барлығы іске асырылған жоқ. Инвесторлар бюджет есебінен жүзеге асырылатын қажетті инфрақұрылымды салғаннан кейін өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайлар бар. Сонымен қатар, облыста ірі инвестициялар салған жұмыс істемейтін кәсіпорындар бар. Екібастұздағы теміржол кластерінің үш кәсіпорны тапсырыс қабылдамайды», - делінген Инстаграмдағы парақшасында.

Сондай-ақ, осы және басқа да мәселелер ірі шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу барысында талқыланғаны туралы хабарланды.

«Менің ойымша, кез келген проблемада мемлекеттік органдардың жетіспеушілігі бар. Біз бұл жұмысты жетілдіруге тырысамыз. Осы аптада біз Павлодар облысының басқа департаменттерінің қатысуымен алқалар форматындағы жиналыстарды сөзсіз жалғастырамыз», - деді облыс әкімі өз хабарламасында.

Естеріңізге сал кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпарат таралған еді. Желілерде таралған мәлімет бойынша, Павлодар облысы әкімдігінің ғимараты қоршауға алынып, әкім тұтқындалып, ұсталып әкетілген. 

 

Талқылау