Павлодар облысында балалар орманды өртегені үшін ата-аналарына айыппұл салынды
Павлодар облысы Шалдай орман шаруашылығына қарасты №124 кварталда құрғақ шөп пен орман қоқысы өртенді. Жалынға балалар кінәлі екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
3 маусымда орман шаруашылығының 100 шаршы метрін өрт шарпыды. Өртті сөндіруге 10 адам шығып, үш арнайы техника жұмылдырылған.
"Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің, "Ертіс орманы" табиғи резерватының және полиция қызметкерлері өртті балалар тудырғанын анықтады. Олардың ата-аналарына "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша айыппұл салынды, – делінген хабарламада.
Балалардың әрекеті үшін ата-аналар 36 920 теңгеден төледі.
Еске салсақ, Жамбыл облысындағы орман шаруашылығында өрт шыққаны айтылған еді.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады
Әр көрмеге орта есеппен 80 миллион теңгеден қарастырылған
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Тауға демалуға барған жұрт от жағып, тамақ пісіруге тыйым салу керек десті