Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмып, тағы 4 адам жарақат алды
Павлодар облысының полиция департаменті кісі өліміне әкелген жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Павлодар облыстық ПД
Полиция дерегінше жол апаты 5 сәуір күні "Қызылорда–Павлодар" автожолының 1153-шақырымында болған.
“ CHEVROLET COBALT маркалы автокөліктің жүргізушісі , алдын ала мәлімет бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, рөлді басқара алмай, көлік құралының жол жиегіне аударылып кетуіне себеп болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері тергеу барысында анықталады.
Сонымен қатар Павлодар облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты
Кофе мен энергетиктің айырмашылығы неде? Сарапшы маңызды кеңес берді
Энергетик ішкен дұрыс па, әлде кофе ме? Сарапшы жауабын айтты