Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында зейнеткер қайнаған су толы шұңқырға құлап кетті

63 жастағы павлодарлық әйел қайнаған су шұңқырына құлап, ауыр күйік алды. Әйел жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға 7 қаңтарда болған.

"7 қаңтар күні сағат 08:50-де Павлодар қаласының Шөкин-Назарбаев көшелерінің қиылысында 63 жастағы әйел абайсызда ыстық су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілген жердегі шұңқырға түсіп кетті, онда ыстық судың жарылуын жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қала тұрғынын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің қолдары мен аяқтары қатты күйік алған.

"Әйел Павлодардың №1 қалалық ауруханасында реанимацияда жатыр. Оның денесінің 45 пайызы зақымдалған. Қол мен аяқтың күйігі. Жағдайы ауыр", - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, жылу трассасының жарылу орнындағы судың температурасы жүз градусқа жеткен.

Сонымен бірге энергетика компаниясы жәбірленуші ескерту қоршауларының артында кеткенін атап өтеді.

"Жылу желісі бұзылған жерде қоршау орнатылды, оған кіруге тыйым салынады. Әйел осы кедергілерден өтіп, жөндеу жұмыстары жүргізілген шұңқырға құлады", - деді "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Чокин көшесі мен Назарбаев даңғылының бұрышындағы жылу трассасында 7 қаңтар күні таңертең зақым келген. Жылу магистраліндегі жарылуы нәтижесінде көшенің бір бөлігі суға толды. Құбыр жарылған жерге жету үшін жылу мамандары суды сорып, жолды ашты. Оқиға салдарынан ықшамауданда тоғыз көп қабатты үй мен бес ұйым жылусыз қалды. Төтенше жағдайды жою бойынша жұмыс күні бойы созылып, кешкі сағат 20.20-да аяқталды.

Талқылау