Павлодар облысында мұғалімді зорлаған күдікті ұсталды
Павлодар облысында 19 жастағы мүғалімді мектеп жанында зорлап кеткен күдікті құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 120 және 121-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Тергеу шаралары әлі жалғасуда. Бірқатар сараптамалар тағайындалды
«Күдікті ұсталды. Ұсталған адам – аталған ауданның тұрғыны», - делінген ресми хабарламада.
Атап кетерлік жайт, күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. 2017 және 2018 жылдары Павлодар облысының тергеушілері қылмыстық істерді сотқа жолдаған.
«Кейіннен сот барлық істерді тараптардың бітімге келуіне байланысты тоқтатқан. Қазақстан Республикасы ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», - деп атап өтті ПД қызметкерлері.
Еске салайық, бұған дейін мектеп маңында мұғалімнің қорланғаны жайлы айтылған еді.
Күніне 1,6 млн теңге: Қазақстандағы банктер топ-менеджерлеріне 2025 жылы қанша сыйақы төледі
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады