Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі өртеніп, 2 жасар бала қайтыс болды
Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті. Салдарынан бір баланы күйік шалып, екі жасар қыз қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 9 тамызда Павлодар облысының Береговое ауылында болды. Өрт 80 шаршы метрді шарпыған.
"Өрт кезінде 2019 жылы туған бала зардап шекті. Бала 1-2-дәрежелі термиялық күйік алды. 2021 жылы туған сәби қайтыс болды", - деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Шенеуніктердің айтуынша, оқиға кезінде анасы сыртта болған. Күйік алған 4 жасар баланы ата-анасы өздері аман алып қалған.
Жалын жеке үйді толығымен қиратып, сегізінші баласын күтіп отырған көпбалалы отбасы баспанасыз қалды. Өрт 11:45-те оқшауланып, жарты сағатта толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық