Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында көп балалы ана сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

Күйеуінің ағасын өлтірген Павлодар облысының көп балалы тұрғыны сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкім шыққаннан кейін желі қолданушылары әйелге негізсіз өте қатаң жаза қолданылды деп хабарланды. Олар әйелдің абайсызда қылмыс жасағанын, әрекеттердің қасақана болмағанын айтты.  

Сонымен бірге, әйел оқиға кезінде алтыншы балаға аяғы ауыр болған. 

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінде көп балалы әйел үшін мұндай мерзім немен байланысты екендігі түсіндірілді.

Іс материалдары бойынша, сотталушы 2020 жылдың қыркүйегінде мас күйінде күйеуінің ағасын пышақтаған. Соққы марқұмның жүрек тұсына тиген

Тергеу әйелдің ол уақытта ас үйде болғанын анықтады, ал қайын ағасы оны әдепсіз сөздер айтып, қорлай бастаған, содан кейін бетінен шапалақпен ұрған. Бұған ашуланған әйел ер адамға пышақ сұғып алған. Қайын ағасы сол жерде жан тәсілім еткен. 

Оқиға Павлодар ауданының Жаңа-қала ауылында болған.

"Сотталушының жартыай мойындауынан басқа, оның кінәсі сот отырысында айғақтармен толық расталды. Полиция бөліміне жеткізілген әйел аздап мас болғаны анықталды. Сараптамаға сәйкес, оның бойынан дене жарақаттары анықталған жоқ", - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Сот үкімді жеңілдету кезінде бұл оның алғашқы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы екенін, кішкентай балалардың болуы, сондай-ақ, әйел жайлы жағымды пікірлерді ескерді. Ал мас болуы жазаны ауырлатты.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы бірінші бөлігінің санкциясы бойынша әйелге тағылған айып 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сотта прокурор ең аз мерзімді - 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші мен сотталушы оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Орташа қауіпсіздік мекемесінде әйелге сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау