Павлодар облысында қызына алимент төлемеген ер адам сотталды
Павлодар облысы, Тереңкөл ауданында қызына алимент төлемеген ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Сот актілерін орындау міндеттілігі туралы сот орындаушыларының жазбаша хабарламалары мен ескертулерін елемей, жұмысқа орналасқысы келмеген", – деп хабарланды департаменттен.
Ер адам ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК (14 585) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылған. Алайда, содан кейін де кәмелетке толмаған қызын асырауға алимент берешегін өтеу үшін тиісті шаралар қолданбаған. Осылайша 2022 жылдың басында жалпы қарызы 1,5 млн теңгеге жеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 139-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сот шешімімен оған жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.