Павлодар облысында интернатта 40 оқушы арасында жаппай төбелес болды
Павлодардағы интернатта 40 оқушы арасында төбелес болып, үш адам зардап шекті. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі kerek Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейресми ақпарат бойынша, 16 мамыр күні кадет корпусында 40 оқушы “сынып сыныппен” жаппай төбелескен. Салдарынан үш жасөспірім әртүрлі жарақатымен ауруханаға түскен.
Павлодар облысының полиция департаменті Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында төбелес болғанын растады.
"Іс жүргізу барысында полиция қызметкерлері кабинеттердің бірінде төбелес болғанын анықтады. Үш оқушы дене жарақатын алды. Оқушыларға медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді", – деді ведомство.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді